Қазақстандық әйелдер артық ақшаларына алтын әшекей сатып алатын болған  

Қазақстан нарығында сапалы алтын құйма шығарылғанымен, әшекей бұйымдардың барлығы шетелден әкелінеді. Әсіресе елімізде Италия мен Біріккен Араб Әмірлігінің 750 сынамалы алтынына сұраныс жоғары. Бүгінде бір грамм алтынның құны 19 000 теңгеден асады.

  “Қазақстанда алтыннан жасалатын әшекей бұйымдар шығарылмайтындығын жақсы түсінген шетелдік компаниялар еліміздің нарығына дендеп еніп келеді”- дейді экономистер.

Бүгін де көрші Ресейдің зергерлік компанияларының барлығы тұтынушыларын Қазақстаннан іздеуде.  Солардың қатарында  UVI Jewellery зергерлік компаниясы да бар. Бұл компания өздері шығаратын зергерлік әшекей бұйымдарын стандартты бөлшек саудада емес, барлық тауарларын телеарна арқылы сататын әдіспен нарықты жаулауда. 2014 жылдан бастап халықаралық нарықта жұмыс істейтін ұйым тәулік бойы T-commerce және E-commerce форматтарында сауда қызметін жүзеге асырады. Бұл әдіс отандық зергерлік ұйымдардың жұмысына үлкен бәсеке тудырып жатыр. Бүгінде көрермен саны 10,3, ал абонент саны-2,8 млн адамға жеткен. Ал әлем бойынша 160 млн. абоненті бар.

  UVI Jewellery компаниясының бас директоры Наталья Тузованың айтуынша, небәрі 6 ай ішінде Қазақстандық әйелдер пішіні өзгеше әшекей бұйымдарды көп тұтынған. Көптеген әйелдер артық ақшаларын депозитке салғаннан гөрі алтын әшекей бұйымдарды көптеп жинайтындығын айтады. Әсіресе нәзік жандылар бұл әшекей бұйымдардың барлығын  uvi.ru веб-сайты мен iOS және Android жүйесіне арналған мобильді қосымшалар теледидар сатылымдарын қолданып  және дербес дамып келе жатқан онлайн платформасы арқылы сатып алатындықтан, Ресейлік компанияға бұл ерекше серпін беріпті. Яғни  2021 жылдың қарашасынан 2022 жылдың сәуіріне дейін Қазақстандағы сатылымдар бойынша зергерлік бұйымдардың ТОП-3 санатына кірген. Ал нәзік жандылардың көпшілігі UVI Jewellery компаниясының алтын, інжу, изумруд бұйымдарына тапсырыс берген.

 Компанияның зергерлік бұйымдарын Қазақстаннан келген тұтынушыларға жеткізу екі жақты ережелер мен екі елдің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Елдер арасында жеткізуді жүзеге асыратын серіктес тасымалдаушылардың қатарында ҚАЗПОШТА, Ресей поштасы, CDEK бар.

Алтыннан, платинадан, күмістен және сирек кездесетін асыл тастардан жасалған бұйымның  80-нен астам түрі бұқаралық нарықты, премиум және люкс сегменттерін қамтиды. Соңғысы эксклюзивті қызмет көрсетуге және жоғары инвестициялық зергерлік бұйымдарды тапсырыс бойынша жасауға маманданған Amirald жеке брендіне айналды.

Тікелей эфирдегі сатылымның ерекшеліктеріне байланысты және телеарнаның көрсетілуін ескере отырып, өнім ассортименті күн сайын дерлік жаңа үлгілермен толығып отырады екен. Тұрақты тауарлар қоймасының айналымы жылына 5,2 есе болса, жеткізілімдердің 70%-ы сатудың алғашқы 2 айында, тағы 30%-ы үшінші айда сатылған. Сатып алу бөлімі 100-ден астам дәлелденген зергерлік бұйымдарды жеткізушілермен жұмыс істейді – олардың 90% -ы ресейлік өндірушілер, 10% -ы Гонконг, Италия, Түркия және Үндістандағы серіктестерде қалады. Ал, еліміздің экономистері әшекей бұйымдарды сатудың түрлі маркетингтік жолдарын игерген шетелдік компаниялар алда Қазақстандық кәсіпорындарды жұтып жібере ме деп қауіптенеді.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар