Қаңтар оқиғасын 27 адам ұйымдастырған – Бас прокуратура

Жарияланды

Қаңтар оқиғасын ұйымдастырушы ретінде еліміздің әр өңірінен 27 адам анықталған. Олардың қатарында Алматы әуежайына шабуыл жасап, «Көктөбе» телемұнарасын басып алуға әрекет жасағандар бар. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев мәлімдеді.


«Қаңтар оқиғасына қылмыстық ортадағы адамдардың белсене қатысқаны белгілі. Қылмыстық ортада кеңінен танымал «дикий Арман» лақап атты Джумагелдиев пен оның сыбайластарының рөлі ерекше. 6 қаңтарда оның қылмыстық тобына қатысушылардың бірі Алматы  қаласындағы «Қазақстан» қонақ үйіне келген қылмыскерлерге «Glock» және «Макаров» маркалы тапаншаларын таратты. Осы уақытта қаруланған қылмыскерлер ұйымдастырушы мен оның қарамағындағы адамдардан тиісті нұсқаулар алды» деді Серік Шалабаев.

Олар серіктестерін 10 адамнан тұратын топқа бөліп, соларды басқарып жүрген. Ресми билік олар бронежилет киіп, қолына атыс қаруын ұстап жүрген дейді. Сондай-ақ, әрқайсысына 200 мың теңге ақша берілген.

Сондай-ақ оқыңыз