Еуропалық білім беру қоры DARYA келісіміне қол қойды

Жарияланды

Енді Орталық Азия жастарына жаңа мүмкіндіктер ашылмақ

Фото;ЕуроОдақ

Жуырда Еуропалық білім беру қоры (ETF) Орталық Азия жастарына жаңа мүмкіндіктер ашатын DARYA келісіміне қол қойып, аймаққа деген ықыласын білдірді. Атап өтейік, Еуропалық білім беру қоры – бұл Еуропалық Одақтың айналасындағы елдерге білім беру, оқыту және еңбек нарығы жүйелерін ілгерілетуде қолдау көрсететін Еуроодақ агенттігі.

DARYA келісімі Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан жастарына сапалы білім алу мен оқуға қол жеткізуге, инклюзивті оқыту және жұмыспен қамту жүйелерін пайдалануға және еңбек нарығына қажетті дағдыларды дамытуға көмектеседі. Жоба бес елдің әрқайсысында, сондай-ақ өңірлік деңгейде қызмет ететін болады.

Пандемияға жағдайына дейін де Орталық Азия жастары сапалы білім алып, нарыққа қажетті дағдыларды дамыту үшін бірқатар қиындықтарға тап болған болатын. Олардың көпшілігі жалақысы төмен секторларға жұмысқа орналасуға мәжбүр болды, ал кейбіреулері үшін көшіп кету жұмыс табудың жалғыз мүмкіндігі болды.

Осы орайда Еуропалық білім беру қоры аталған жоба бойынша Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы, Түрікменстандағы және Өзбекстандағы негізгі мүдделі тараптармен тығыз байланыста жұмыс істейді, сонымен бірге жергілікті, аймақтық және еларалық деңгейде жастар үшін біліктілікті жақсарту және жұмысқа орналастыру жүйелерін құруға көмектеседі.

Жоба келесі бағыттар бойынша ұсыныстар жасап отыр: білім беру мен оқыту нәтижелерін талдау тәсілдері арқылы келешек дағдыларды дамыту; барлығына тең мүмкіндіктерді қарастыратын ұлттық және аймақтық деңгейде біліктілікке қатысты бейімделу тәсілдерін қолдану; оқыту нәтижелеріне және еңбек нарығына сәйкес келетін икемді және инклюзивті оқыту тәсілдерін пайдалануды арттыру.

Еуропалық білім беру қоры Еуроодақ пен Еуропалық комиссияны Орталық Азия елдеріне техникалық көмек пен қаржылық қолдау көрсетуде және аймақтық ынтымақтастықты ілгерілетуде қолдайды. Ол сондай-ақ Орталық Азия елдерімен Турин процесі арқылы кәсіптік білім беру мен оқыту саласындағы жүйелік саясатты талдау және бақылау бойынша бірігіп жұмыс істеуде.

Атап өтейік, Турин процесі  бойынша Еуропалық білім беру қоры екі жыл сайын серіктес елдерді кәсіптік білім беру және оқыту саясаты мен жүйелерінің жай-күйін тексеруге шақырады. Кәсіптік білім беру мен оқыту саясатының негізгі мақсаты – жүйені халықаралық стандарттар мен талаптарға, әлемдік дамуға сәйкес болатындай жаңарту болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыз