Иран Қазақстан экономикасына $200 млн астам инвестиция салуға дайын

Жарияланды (жаңартылды )
12 құжатқа қол қойылды

Тегеран қаласында өткен бизнес-форумда ирандық және қазақстандық бизнесмендер  жалпы құны 200 млн доллардан асатын 12 құжатқа қол қойды.  Атап айтқанда, түсті металдар мен полиэтилен өнімдері саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаласты. Сонымен қатар,  қазақстандық бидай мен басқа да ауыл шаруашылығы тауарларын Иран аумағы арқылы тасымалданатын болды.

Бұл форум  мемлекет масшысының Иран Ислам Республикасына сапары шеңберінде  ұйымдастырылған.

«Қазақстан мен Иран арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың инвестициялық және сауда-экономикалық көрсеткіштері бүгінде одан әрі дамуға үлкен әлеуетке ие» деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Пандемия мен санкцияларға байланысты өзара сауда көлемі айтарлықтай төмендегенімен, 2021 жылдан бастап оң динамика байқалады. 2022 жылғы қаңтар-сәуірде тауар айналымы 2020 жылғы көрсеткіштерден асып түскен.

Дипломатиялық қатынастар орнатылған күннен бастап Қазақстан экономикасына $140 миллионнан астам Иран инвестициясы тартылды. Бұл ретте, ТШИ бойынша 2021 жылғы көрсеткіштер ($26,2 млн) «пандемиялық» 2020 жылдан ($4,3 млн) әлдеқайда жоғары.

Бірлескен жобаларды іске асыруға қолдау ретінде Қазақстан ирандық компанияларға еркін экономикалық және индустриялық аймақтардағы алаңдарды ұсынуға дайын. Сондай-ақ, Қазақстан-Түрікменстан-Иран-Түркия жаңа бағыты бойынша іске қосылған жүк пойызы жаңа логистикалық шешіммен ерекшеленеді. Бұл бағыт жүк жөнелтушілер үшін, ең алдымен, жеткізу мерзімімен тартымды. Каспий теңізі арқылы өтетін балама маршрутпен салыстырғанда, пойыз небәрі 12 күнде 6300 км жол жүріп өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Иран азаматтары үшін 14 күнге визасыз режим енгізді.

Сондай-ақ оқыңыз