Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштен жауап алынып жатыр

Жарияланды (жаңартылды )
Бұл туралы ҰҚК хабарлады

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, ҰҚК төрағасының  бұрынғы орынбасары Самат Әбіштен жауап алынып жатыр. Бұл туралы 22 маусымда журналистерге ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмерханов мәлім етті.

«Самат Әбіш те тергеу орбитасында. Олкуәлік беріп жатыр, бірақ мен оның статусын білмеймін» деді ол.

Бұл ретте Амерханов өзінің Самат Әбішті көрмегенін атап өтті.

«Ол Қазақстанда. Мен оны өзім көрмедім. Тергеу жүріп жатыр, ол сонда болы керек» деді ҰҚК төрағасының орынбасары.

Бұған дейін Самат Әбіштің ҰҚК-дағы қызметінен босатылғаны хабарланған болатын. Тиісті жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыста қол қойды.

Сондай-ақ оқыңыз