Төтеншеліктер Талдыкөл маңындағы өртті екі күн жүріп өшірді

Жарияланды
Көл жағасындағы қамыс өртенген

Үлкен Талдыкөл маңында шыққан өртті сөндіруге МИ-8 ұшағы мен  отыз шақты техника жұмылдырылды, деп хабарлайды ТЖМ.

20 маусым күні сағат 15-ке таман  Қорғалжын тас жолы бойында, үлкен Талдыкөл көлі  маңында  жалпы аумағы шамамен 6,5 га   болатын қамыс өртенген.

Өрт бүгін таңғы алтыға таман толық өшірілген.

Сондай-ақ оқыңыз