Қазақстан сапалы инвестиция тартуға мүдделі

Жарияланды
«Жаңалықтар» бөлімінің арнайы тілшісі
Үкімет 2026 жылға дейінгі ивестициялық саясат тұжырымдамасын бекітті

Қазақстан 2026 жылға қарай шетелден тікелей келетін инвестиция көлемін $25,5 млрд жекізуді жоспарлап отыр. Бүгін Үкімет отырында бекітілген инвестициялық саясат тұжырымдамасының жобасында осындай болжам жасалған.

Тұжырымдама бойынша 2026 жылы негізгі капиталға құйылатын инвестиция деңгейін ЖІӨ-нің 25,1%-не дейін жеткізу керек.

Премьер-министр Әлихан Смайылов шетелдік инвестиция тартуда Қазақстан Орталық Азияда көш бастап отырғанын атап өтті.

«Осы деңгейді ұстап тұру үшін шетелдік инвестиция үшін тартыста белсенділік танытып, инвесторларға барынша қолайлы жағдай жасау керек. Сонымен қатар экономиканың шикізаттық емес секторындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздерін көбейту қажет.  Бұл тұжымдама экономиканы дамытатын драйвер, халықтың әл-ауқатын көтеруге ықпал ететенін жаңа инвестициялық циклдың бастауы болуы тиіс» деді премьер-министр.

Сондай-ақ оқыңыз