Кәрім Мәсімовтың інісі қайда жүргенін айтқан адамға 12 млн теңге сыйақы беріледі

Жарияланды
Антикор Нұрлан Мәсімовке іздеу салды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің немере інісі Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды. Оның қай жерде жүргенін айтқан кісіге 12 миллион теңгеге дейін сыйақы беріледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарлауынша, Нұрлан Мәсімов аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілініп, сот күдіктіні қамауға алуға санкция беріп қойған.

Агенттік оның орналасқан жері туралы 1424 байланыс орталығына немесе +7 (7172) 909 260, +7 (727) 278 7300, +7 (707) 978 0808 телефондары арқылы хабарлауды сұрайды.

Антикордың шенеунікті қолға түсіру үшін қазақстандықтардан көмек сұрап отырғаны бірінші рет емес. Сәуір айында оған іздеу жарияланған болатын. 3 маусымда агенттік оның  қайда жүргені жайлы ақпарат бергені үшін 4000 АЕК (12,7 миллион теңге) көлемінде сыйақы тағайындалғанын хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 24 маусымдағы хабарламасында сыйақы мөлшері «12 миллион теңгеге дейін» деп көрсетілген.

Сондай-ақ оқыңыз