Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Сергей Шойгумен кездесті

Жарияланды (жаңартылды )
Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің әскери саладағы екіжақты ынтымақтастығы талқыланды

ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы шеңберінде Мәскеуде Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгумен кездесті, деп хабарлайды министрлік баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің әскери саладағы екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі талқыланды.

Кадрларды даярлау, жауынгерлік даярлықтың бірлескен іс-шараларын өткізу, әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша тыңғылықты диалог болды. Тараптар Орталық Азия өңіріндегі сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге қатысты пікір алмасты. 

Сондай-ақ оқыңыз