Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды

Жарияланды
Олар 6 млрд теңге шығын келтірген

Сот үкімімен «World Business Consulting» қаржы пирамидасының жетекшілері кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлайды.

Ұйымдастырушылары азаматтарға еншілес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаражат салуды ұсынған. Бұл компаниялар сыйақы алуға кепілдік берді.

«2018-2021 жж. WBC қаржылық пирамидасына жалпы сомасы 5,8 млрд теңге тартылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жалпы сомасы 4,1 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді» делінген хабарламада.

Сот үкімімен қаржы пирамидасының жетекшілері кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, пирамидалық схемасының тағы бес ұйымдастырушысы халықаралық іздеуге жарияланды.

Сондай-ақ оқыңыз