Қазақстанда балалар ойын алаңдарына қойылатын талап күшейтілді

Жарияланды
Пайдаланылған барлық материалдар адам денсаулығы үшін қауіпсіз болуы керек

Қазақстанда балалар ойын алаңдарына қойылатын талап күшейтілді. Биылдан бастап балалар ойын алаңдарының сертификаты мен декларациясы, техникалық паспорты болуы керек. Пайдаланылған барлық материалдар адам денсаулығы үшін қауіпсіз болуы тиіс.

ҚазСтандарттың Техникалық реттеу жөніндегі үйлестіру орталығы ЕАЭО ТР 042/2017 «Балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» талаптарын іске асыру мәселелерін талқылаған. Техрегламент 2019 жылы күшіне енді, бірақ 2021 жылғы 1-желтоқсанға дейін өтпелі ережелер белгіленген.

Осы регламент қабылданғанға дейін Қазақстанда балалардың ойын алаңдарына қойылатын қандай да бір міндетті талаптар белгіленбеген. Сондықтан Қазақстандағы барлық балалардың ойын аймақтарын қатаң талаптарды енгізуге дайындау үшін өтпелі кезең қажет болды.

Техрегламет талаптары соққытұтыш жабын, төбешіктер, әткеншектер, карусельдер, лабиринттер, құмсалғыштар, сондай-ақ тұрғын үй кешендерінің аулаларында орнатылатын балалар ойын кешендеріне таралады.

Биылдан бастап балалар ойын алаңдарының сертификаты мен декларациясы, техникалық паспорты болуы керек.

Пайдаланылған барлық материалдар адам денсаулығы үшін қауіпсіз болуы керек, ал құрылым жас тобына сәйкес келуі керек және берік, тұрақты болуы қажет.

Бұдан бөлек, балалардың ойын алаңында пайдалану ережелері туралы ақпарат, пайдаланушы туралы мәлімет орналастырылуы керек.

Сондай-ақ оқыңыз