Тоқаев Каспий маңы елдері басшыларының саммитіне қатысады

Бұл туралы баспасөз қызметі хабарлады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий маңы елдері басшыларының Ашхабадта  өтетін алтыншы саммитіне қатысады, деп хабарлайды Ақорда.

Баспасөз қызметі Президенттің қатысуымен өтетін  іс-шаралар аңдатпасын жариялады.

«Бүгін Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізеді. 29 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий маңы елдері басшыларының Ашхабадта (Түрікменстан) өтетін алтыншы саммитіне қатысады» делінген хабарламада.

Соынмен қатар, Президент Ақорда резиденциясында Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізеді.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар