Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий маңы елдері басшыларының Ашхабадта өтетін алтыншы саммитіне қатысады, деп хабарлайды Ақорда.
Баспасөз қызметі Президенттің қатысуымен өтетін іс-шаралар аңдатпасын жариялады.
«Бүгін Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізеді. 29 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий маңы елдері басшыларының Ашхабадта (Түрікменстан) өтетін алтыншы саммитіне қатысады» делінген хабарламада.
Соынмен қатар, Президент Ақорда резиденциясында Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізеді.