Қытайда нөсер жауынан 2 млн адам жапа шекті

Жарияланды (жаңартылды )
150 мың гектар егістік су астында қалды.

Қытайдың шығысындағы Цзянси провинциясында нөсер жауынан 2 млн адам жапа шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Цзянси провинциясында табиғат тосын мінез танытып, нөсер жаңбыр жауған. Бұл 2,05 млн тұрғынның қалыпты өмір дағдысын бұзды. 150 мың гектар егістік су астында қалды. Экономикалық шығын 6,79 млрд юаньнен ($1,01 млрд) асып жығылған. Қызыл су басқан аймақтан шұғыл түрде 300 мың тұрғын эвакуацияланды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, билік алғаш рет Цзянси провинциясында ауа райының қолайсыздығына байланысты қызыл деңгейдегі төтенше жағдай жариялаған. Айта кету керек, Қытайда төтенше жағдай 4 деңгей бойынша белгіленеді: көк, сары, қызыл сары және қызыл деңгей.

Сондай-ақ оқыңыз