«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы биыл  IPO-ға шығады

Жарияланды
Оның акциялары AIX және KASE алаңдарында орналастырылады

V «Astana Finance Days» конференциясы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның IPO-сы 2022 жылы өтеді деді.  «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ акциялары AIX және KASE алаңдарында орналастырылады.

Осы мақсатта Қор «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, қазақстандық жетекші инвестициялық банктерді тартты.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның IPO-сы Қазақстанның бүкіл тұрғындарына қолжетімді болып, сондай-ақ жеке және институционалдық инвесторлар барынша тартылмақ.

 «Халықты барынша тарту мақсатында, біз Қазпоштаның, биржалардың және брокерлердің цифрлық инфрақұрылымын пайдалануды жоспарлап отырмыз. Мысал үшін, акцияларды үйден шықпай-ақ мобильді қосымшаларды пайдалана отырып, сатып алуға болады, ал шалғай өңірлер үшін – Қазпошта бөлімшелерінің қызметтері пайдаланылады» Алмасадам Сәтқалиев.

Сондай-ақ оқыңыз