Тоқаев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Жарияланды
Кәсіби журналистер қызметінің маңызы арта түсті. 

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев журналистерді Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

Президент ақпарат саласында жұмыс істеу – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік екенін айтты.

 «Отандық баспасөз еліміздің тұтастығы мен татулығын нығайту жолында елеулі рөл атқарады. Сөз өнерін қасиет тұтып, абырой биігінен көрініп жүрген кәсіби журналистеріміз аз емес. Олар еселі еңбегімен оқырманның, көрерменнің алғысына бөленуде. Бұл – ел игілігі жолындағы адал әрі қажырлы еңбектеріңізге берілген баға» деді мемлекет басшысы.   

Тоқаев  қазіргідей әлеуметтік желілерде, интернетте жалған ақпарат көп тараған кезде журналистердің ақпаратты тексеруі мен  сыни көзқарасы түрлі келеңсіздікке тосқауыл болар еді деді.   Қазір қоғамдағы басымдықтар өзгеріп жатыр. Кәсіби журналистер қызметінің маңызы арта түсті. 

«Біз Жаңа, Әділетті Қазақстанды құруға кірістік. Бұл – барша отандасымыздың алдында тұрған маңызды міндет. Сіздердің мақалаларыңыз бен сюжеттеріңіз, журналистік зерттеулеріңіз осы бастамаға үлес қосары сөзсіз. Сондықтан нағыз кәсіби мамандардың еңбегін лайықты бағалаудың символдық мәні бар» деді Президент.

Сондай-ақ оқыңыз