Нұр-Сұлтан қаласында 10 млн теңге айналымы бар ойын терминалдары тәркіленді

Жарияланды
Күдіктілер бес жылға бас бостандығынан айырылды

Нұр-Сұлтан қаласында Қаржы мониторингі агенттігі жергілікті департаментінің қызметкерлері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап жатыр.

Екі күдікті бар, екеуі де елорда тұрғындары. Ер адамдар қала дүкендерде рұқсат құжаттарынсыз ойын терминалдарын заңсыз орналастырумен айналысқан. 800 мың теңге көлеміндегі қолма-қол ақшасы бар 23 ойын терминалы тәркіленді.

Олардан түскен заңсыз кіріс көлемі 10,2 млн теңгені құрады. Күдіктілер мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз