Алматыда Димаш Құдайбергеннің шоу-концерті өтеді

Жарияланды
Концерт Орталық стадионда ұйымдастырылады

2022 жылғы 23 қыркүйек күні Алматы қалсында Димаш Құдайбергеннің шоу-концерті өтеді. Бұл туралы әнші  Instagram-дағы парақшасында жазды.

Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі – Орталық стадионда өтеді.

«Алматы қаласында «Stranger» атты концертім өтеді! Бұл менің оңтүстік астанада ұйымдастырылатын алғашқы жеке шығармашылық кешім. Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі – Орталық стадионда өтеді. Құрметті тыңдармандарыммен туған елімде қайта кездесетініме қуаныштымын! Сіздерді асыға күтемін» деді әнші.

Сондай-ақ оқыңыз