Жаңалықтар

ҚДКБҚ жинақ салымдардың сыйақысын өсірді  

Басқа депозиттердің сыйақысы өзгеріссіз қалды

ҚДҚБҚ 2022 жылғы тамыз айына жинақ салымдары бойынша максималды мөлшерлемені арттырды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Тұрақты депозиттердің тартымдылығын арттыру мақсатында, сонымен қатар,  қалыптасқан нарықтық мөлшерлемелерді ескеріп, жинақ салымдарының барлық түрлері бойынша максималды мөлшерлеме өсті.

3 және 6 айға арналған жинақ депозиттері бойынша мөлшерлемелер сәйкесінше 0,5 т. және 1,0 т.,  12 айға жинақ депозиттері бойынша  0,1 т. және 24 айға – 0,2 т. арттырылды.

Депозиттердің қалған түрлері бойынша максималды мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды.