Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 210 мыңнан астам қызмет көрсетілген

Портал қызмет ұсынушыны таңдауға мүмкіндік береді

Жыл басынан Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 178,5 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ), 6,4 мың – ымдау тілі қызметін, 25,6 мың – жеке көмекшінің қызметін алды. Сондай-ақ, Портал арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға 48 мың тапсырыс рәсімделді.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Бүгінгі күні Порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 817 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 234 ОТҚ жеткізуші, 24 мыңнан астам жеке көмекші, 628 ымдау тілін қызметін, 91 санаторлық-курорттық емдеуді, 62 кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы жеткізушілер тіркелген.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар