Әскери бөлімдерден 825 млн теңгенің мүлкі жымқырылған

Жарияланды
8 қылмыстық іс қозғалды

Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында құны шамамен 825 млн теңге болатын заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдары ұрланған. Бұл туралы Бас әскери прокуратура хабарлады.

Әскери прокуратура органдары Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тексеріс жүргізіп жатыр

«Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында шамамен 825 млн. теңгедей сомаға заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау белгілері бойынша сот алды тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды.Тергеу жүргізуді Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары жүзеге асырады» делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүдделеріне байланысты жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыз