Жаңалықтар

Болат Жәмішев «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесі құрамына кірді

Қордың қоғамдық кеңесінің төрағасы қызметін қатар атқарады

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қоғамдық кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев директорлар кеңесінің мүшесі, қордың тәуелсіз директоры болып сайланды. Бұл жөнінде қор сайтында жазылған.

Қоғамдық кеңес басшысын директорлар кеңесінің құрамына енгізу — «Самұрық-Қазына» қорының қызметіне бақылауды күшейту бағдарламасының бір бөлігі.

Қордың қоғамдық кеңесі 2021 жылдың желтоқсанында құрылды.