«Жібек жолы» кемесін жалға алған ресейлік компаниямен келісім бұзылуы мүмкін

ИИДМ басшысы Қайырбек Өскенбаев ұрлықы астық тиелген кеме жайлы пікір білдірді

Ресейге жалға берілген «Жібек жолы» кемесі өткен аптада Түркияда ұсталған болатын. Бүгін ҚР ИИДМ министрі Қайырбек Өскенбаев үкімен отырысының кулуарында жүк кемесі халықаралық заңға сай келмейтін қызметпен айналысса, келісім бұзылады деп мәлімдеді.

«Егер кеме Қазақстанда және халықаралық деңгейде қабылданған құқықтық нормаларға сәйкес келмейтін қызметпен айналысса, әрине, ондай шарт бұзылып, кеме кері қайтарып алынады» деді Өскенбаев.

Министрдің айтуынша, Түркия тарабы қазіргі кезде жүк қайда тиелгенін, оны кім тиеп жібергенін анықтап жатыр. Егжей-тегжейін анықтау үшін Қазақстан ресми сауал жолдағанын қосып өтті.

«Бәрін заң аясында шешсін, оған біз араласып, олар әрі ушықтырмас  үшін, себебі ол халқаралық құқық аясында реттеледі. Олар құқықтық баға берген соң, біз нақты нешім қабылдаймыз» деді министр.

Бұған дейін Түркия қазір Қарасу портында тұрған «Жібек жолы» кемесіндегі астықтың қайдан келгенін анықтап жатқаны хабарланған. Украина бұл астықты Ресей ұрлап алып кетті деп мәлімдеген болатын.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар