Аграрлық жобаларды қаржыландыруға 182,5 млрд теңге бөлінген

Жарияланды (жаңартылды )
 7900 жоба қаржыландырылған

Аграрлық несие корпорациясы 2022 жылдың алғашқы жарты жылдығында аграрлық салаға 182 млрд теңгеден астам сома бөлінді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында корпорацияның желісі бойынша 7900-ден астам жобаны қаржыландыруға 182,5 млрд теңге бөлінді. Жалпы биыл агробизнесті дамытудың басым бағыттары бойынша 330 млрд теңгенің несиесін беру көзделген.

Корпорация несиелеуді «Кең дала», «Агробизнес», «Іскер» атты үш бағдарлама бойынша жүргізеді. «Кең дала» бағдарламасы көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарына несие береді. Биылғы жартыжылдықта аталған бағдарлама аясында 2,5 мыңнан астам диқанға жалпы сомасы 70 млрд теңгеге тең қаржы бөлініп, 3,7 млн гектардан астам егістік алқап игерілді.

Бұған қоса, 70 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. Корпорация шотқа ақша түскенге дейін көктемгі егіс және күзгі жиын-терін науқанына несиені қаражатынан берді. Бұл мақсатқа 18,8 млрд теңгеге тең 609 несие берілді, кейін бұл несие бюджет қаржысымен алмастырылады. Жалпы, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 140 млрд теңге бөлініп отыр.

Корпорацияда құрал-жабдыққа, оны жаңартуға, құрылыс-монтаж жұмыстары мен айналым қаражатын толтыруға арналған «Агробизнес» әмбебап бағдарламасы жұмыс істейді. Бұл бағдарлама бойынша биылғы 6 айдың ішінде 2900 шаруаға 98,1 млрд теңгенің несиесі берілген (соның ішінде «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі егіс жұмыстарына бөлінген қаражат). Бұл қаржыға 19,2 мың ірі қара, 70,5 мың бас ұсақ мал, 34 мың жылқы және 1766 дана агротехника мен құрал-жабдық сатып алынған.

Ісін жаңадан бастаушы кәсіпкерлерді, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Іскер» бағдарламасы аясында 861 жобаны жүзеге асыруға 5,6 млрд теңге бөлінді.

Сондай-ақ оқыңыз