Алматыда құрбан шалатын орындар анықталды

Жарияланды (жаңартылды )
Құрбандық шалатын 13 орын белгіленген

Алматыда Құрбан айтқа құрбан шалу рәсімін жасау үшін 13 орын бөлінген. Бұл туралы Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында айтты.

Бас имам қала тұрғындары мен қонақтарын келе жатқан Құрбан айтпен құттықтап, мұсылмандардың басты мерекелерінің бірі 9-11 шілде аралығында өтетінін айтты.

 «Құрбан айт мерекесі кезінде мұсылмандар қой, сиыр, ешкі немесе түйені құрбандыққа шалады. Құрбан шалу адамның Құдайға деген рухани ниетін білдіреді. Мереке форматы өткен жылдың үлгісі бойынша сақталады. Құрбан шалуды Алматыда онлайн және офлайн форматта да жасауға болады», – деп түсіндірді Бас имам. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы онлайн-форматта құрбан шалу үшін арнай www.qurban2022.kz сайтын әзірледі, қашықтықтан қайырымдылық жасағысы келетіндер осы сайттан құрбандыққа шалынатын жануарды таңдап, көрсетілген мәліметтер бойынша қажетті қаражатты аудара алады. Төлеби Оспан құрбан шалудың бүкіл процесі бейнежазба режимінде өтетінін, дұға кезінде рәсімге тапсырыс бергендердің есімдері айтылатындығын айтты.  Сонымен қатар, сайт арқылы барлық мұқтаж тұрғындар еріктілер жеткізетін құрбандық етін алуға өтініш қалдыра алады. 

«Құрбан шалуды офлайн форматта жүзеге асыру үшін Алматы қаласының әкімдігі 13 орынды бекітті, онда құрбандыққа шалынған малды союға және сатуға рұқсат етілген», – деп жалғастырды Алматы қаласының бас имамы. 

. Құрбан айт мерекесі кезінде Алматы қаласының аумағында құрбандыққа шалынған малды союға және сатуға рұқсат етілген орындар тізімі: 

Алатау ауданы:

  • «Мырзахмет» мешіті, Қарасу ш/а, Солтүстік айналма тас жолы, 15;
  • «Әскер ата» мешіті, Әйгерім-1 ш/а, Бенберин көш., 18/4;
  • «Алғабас» мешіті, Алғабас ш/а, Ақбөпе көш., 6;
  • -Әл-Азим мешіті, Бұрындай ш/а, Азат көш., 20А.

 Бостандық ауданы:

  • «Бақыткелді» мешіті, Хан-Тәңірі ш/а, Дулати даңғылы, 27/11;

Жетісу ауданы:

  • «Вайнах» мешіті, Айтықов көшесі, 1А.

Медеу ауданы:

  • «Аманқұл ата» мешіті, Т.Бигелдинов к-сі, 5;
  • «Фатима» мешіті, Ш.Жәнібек көшесі, 148;
  • Райымбек батыр мешіті, Думан-1 ш/а, Хан Тәңір көш., 1. 

Наурызбай ауданы:-

  • «Қалқаман-2» мешіті, Қалқаман-2 ш/а, Аспандияров көшесі, 84;
  • «Қарағайлы» мешіті, Қарағайлы ш/а, Қ.Надыров көшесі, 1а;
  • Таусамалы базары, Таусамалы ш/а, Қонаев көш., 35Б. 

Түрксіб ауданы:

  • «Қайрат» мешіті, Қайрат ш/а, Сарымолдаев көш., 22. 
Сондай-ақ оқыңыз