Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі тағы 1 айға ұзарды
Жарияланды
(жаңартылды )
Ол биыл 17 наурызда қамауға алынған
Кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты күзетпен ұстау мерзімі тағы бір айға ұзарды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының соты хабарлады.
«2022 жылғы 8 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.С. Боранбаевқа қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты» делінген хабаламада.
Қайрат Боранбаев 2022 жылдың 17 наурызында қамауға алынған еді. Оған аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырды деген айып тағылған.