Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі тағы 1 айға ұзарды

Ол биыл 17 наурызда қамауға алынған

Кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты күзетпен  ұстау мерзімі тағы бір айға ұзарды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының соты хабарлады.

«2022 жылғы 8 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.С. Боранбаевқа қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты» делінген хабаламада.

Қайрат Боранбаев 2022 жылдың 17 наурызында қамауға алынған еді. Оған аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырды деген айып тағылған.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар