Доллардың ресми бағамы ай басынан бері 12,16 теңгеге немесе 2,6%-ға нығайып, 8 шілдеде 477,24 теңгені құрады. Валюта нарығындағы қазіргі жағдай туралы Қазақстан Ұлттық Банкі монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов оның бірнеше себебі бар дейді.
Біріншіден, дамыған және дамушы елдердің валюталары инфляция мен геосаяси тұрақсыздыққа қарсы күрес аясында қысымға ұшырап отыр. Ұлттық валюта да орнығып қалған ішкі факторларға байланысты және сыртқы өзгерістердің әсерінен құбылмалы күй кешуде.
Екіншіден, АҚШ долларының жаһандық нығаюымен, энергия тасымалдаушылар бағасының төмендеуімен, сондай-ақ Қазақстандағы Каспий құбыр желісі консорциумының теңіз терминалының қызметін тоқтата тұру тәуекелдеріне байланысты нарыққа қатысушылар сентиментінің нашарлауымен қатар қазақстандық компаниялардың импорттық операциялары теңге динамикасында әсер еткен негізгі факторлар болды.
АҚШ қазынашылық облигациялары кірістілігінің өсуі мен АҚШ долларының нығаюы дамыған, сол сияқты дамушы елдердің валюталарына қысым жасады. Шілденің басынан бастап DXY индексі 7 шілдеде 107,13 деңгейіне дейін 2,3%-ға өсті, ал JPMorgan дамушы елдері валюталарының индексі 3,3%-ға әлсіреді. Еуроның АҚШ долларына қатысты 1,016 деңгейіне дейін әлсіреуі шамамен тепе-теңдікке жетіп, елеулі жағдай орын алды.
7 шілдедегі жағдай бойынша, Brent маркалы мұнай бағасы ай басынан бері 8,8%-ға төмендеп, барреліне 104,65 АҚШ долларын құрады. Мәскеу биржасындағы Ресей рублінің бағамы ай басынан бері 20%-ға әлсіреп, 61,95 деңгейінде қалыптасты.
Үшіншіден, шкі факторлар арасында импорттық операцияларды жүзеге асыру үшін валютаға сақталып отырған сұраныс, сыртқы борыштарды өтеу, сондай-ақ жеке тұлғалар тарапынан шетел валютасына тұрақты сұраныс теңге динамикасының негізін қалады.
Жалпы алғанда, энергия тасымалдаушылар бағасының төмендеуіне байланысты нарыққа қатысушылар сентиментінің нашарлауы байқалады.
Еркін өзгермелі бағам жағдайында теңге үшін құбылмалылықтың орын алуы – нарықтағы қалыпты жағдай.
Ай басынан бері Ұлттық Банк валюталық интервенция жүргізген жоқ. Бұл ретте қаржылық тұрақтылыққа төнетін қауіпті болдырмау үшін Ұлттық Банк шамадан тыс бағам құбылмалығы кезінде валюта сауда-саттығына араласу құқығын өзіне қалдырады.
Қысқа мерзімді перспективада теңге динамикасы импорттық операциялар мен демалыс маусымы аясында қатысушылар тарапынан шетел валютасына сұраныстың артуына байланысты болады.
Көршілес өңірлердегі геосаяси ахуал, сондай-ақ әлемдік нарықтардағы жағдайлар дамушы елдердің валюталарына қатысты инвесторлардың жалпы сентиментіне ықпалын сақтайды.