Электронды еңбек биржасында 124,6 мың бос жұмыс орны бар

Жарияланды
60 мыңға жуық түйіндеме орналастырылған

2022 жылғы маусымда Электрондық еңбек биржасында 124,6 мың бос жұмыс орны және 59,9 мың түйіндеме орналастырылды. Өткен аймен салыстырғанда бос орындар саны 1,5 есе, ал өзекті түйіндемелер саны 31%-ға артты, деп хабарлайды ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

«Бос жұмыс орындары санының күрт өсуі барлық өңірлерде байқалды, бірақ ең көбі Ақтөбе (2,5 есе) және Жамбыл (3 есеге жуық) облыстарында байқалып отыр. Нәтижесінде аталған өңірлер бос жұмыс орындары бойынша бірінші орынға шықты (тиісінше 12,9 мың және 12 мың бос жұмыс орны). Қарағанды облысы да бос жұмыс орындары бойынша алдыңғы қатарға жайғасты (12,6 мың). Бұл ретте Батыс Қазақстан облысында кәсіпорындар мен фирмалардың ұсынысы 5,8%-ға – 3,3 мың бос орынға дейін азайды. Сондай-ақ, ұсынылатын жұмыс орындарының ең аз саны Шымкент қаласында – 3,5 мың және Маңғыстау облысында-3,1 мың бос орын»  дейді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Басқарушы директоры Александра Молчановская.

Бос орындардың басым бөлігін ауыл шаруашылығы (10,8 мың бос орын), тұрғын емес үй-жайлар және тұрғын үй объектілерін салу (9,8 мың бос орын), білім беру (6,6 мың бос орын) және өзге де қызметтер (5,8 мың бос орын) секторларының кәсіпорындары орналастырды. Бұл ретте ауыл шаруашылығы саласында орналастырылған бос орындардың жартысына жуығы (47%) Жамбыл облысына, ал Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында – тұрғын үй құрылысы саласында тиісінше 33,7% және 35%-дан келді. Елордада құрылыс саласындағы жұмысшыларға жоғары сұраныс сақталды, яғни бос орындардың үштен бірі құрылыс саласына тиесілі.

Біліктілігі төмен қызметкерлерге сұраныс 23,4 мыңнан 50,7 мыңға дейін 2 еседен астам өсті. Оның бір себебі – ауыл шаруашылығындағы маусымдық жұмыстарға жұмысшыларды тарту. Сонымен қатар, біліктілігі төмен ізденушілер тарапынан ұсыныс бір мезгілде 58,2%-ға, 18,4 мыңнан 29,1 мыңға дейін өсті. Еңбек нарығының қажеттіліктері мен орташа білікті мамандардың ұсынысы арасындағы теңгерімсіздік төмендеді, 42 мың орналастырылған түйіндемеге қарағанда 52,9 мың белсенді бос жұмыс орны. Бос жұмыс орындарының ең аз үлесі жоғары білікті жұмыс орындарына тиесілі (орналастырылған бос жұмыс орындарының жалпы санының 16,9%-ы).

Сондай-ақ оқыңыз