Елена Рыбакина Қазақстанға келеді

Жарияланды (жаңартылды )
Спортшы елордада бірқатар кездесу өткізеді

12 шілде күні елдің бірінші ракеткасы, Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина Нұр-Сұлтанға келеді. Спортшы елордада бірқатар кездесу өткізеді, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

«Қымбатты қазақстандықтар! Мен үйге қайтамын. Сіздер мен үшін жеңісті болған Уимблдонда маған қызу қолдау көрсеттіңіздер. Мен оны сездім. Алғыс айтамын. Біз тарихқа бірге ендік, бұл – керемет! Өзім әлі де сене алар емеспін» дейді Елена Рыбакина.

Федерация мәліметінше, Елена Рыбакина елордада журналистерге баспасөз мәслихатын өткізіп, жас спортшылармен және жанкүйерлермен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз