Биыл баспана сатып алғандардың қатары кеміген

Жарияланды
Былтырғы маусым айымен салыстырғанда 42 пайызға аз

Былтырғы маусым айымен салыстырғанда, тұрғын үй сатып алу-сату мәмілелерінің 42,6 пайыға кеміген. Әсіресе Атырау облысынды үй сату-сатып алу қүрт қысқарды деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

2022 жылғы маусымда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 31 019 мәміле тіркелді, мамыр айымен (30 500) салыстырғанда көрсеткіш 1,7% артты. Мәмілелердің саны бойынша  Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары көш бастап тұр, тиісінше  4 410 және 3 850 шарт. Мәміле саны ең аз болған өңір Солтүстік Қазақстан облысы – 686.

Сонымен қатар маусым айымен салыстырғанда Шығыс Қазақстан (-11%), Атырау (-9,1%), Батыс Қазақстан (-7,4%), Қарағанды (-5,4%) және Маңғыстау (-4,3%) облыстарында мәмілелер санының төмендеу қарқыны сақталуда.

Қазақстандықтарды көбіне көп пәтерлі үйлердегі тұрғын үй қызықтырады, онда барлығы 21 388 мәміле жасалған. Көп пәтерлі үйлердегі бөлмелер саны тұрғысынан 2-бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие, маусымда 8,2 мың 2-бөлмелі, 7,4 мың 1-бөлмелі  пәтер рәсімделді. Жеке үйлер бойынша 9 631  мәміле рәсімделді. Жеке үйлерді өзге аймақтарға қарағанда Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары көбірек сатып алады.

Сондай-ақ оқыңыз