Интерпол 12 жыл іздеуде жүрген жемқорды Мәскеу қаласында ұстады

Жарияланды
Болат Алтынбеков өз тегін өзгертіпті

2010 жылдан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілініп, іздеу жариялған Болат Алтынбековты Интерпол Мәскеу қаласынан тапты. Ол фамилиясын өзгертіп тастаған деп хабарлайды, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Соттан қашқандардың көпшілігі шетел асып кетеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің елордалық Департаменті 2010 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікті Болат Алтынбековке халыықаралық іздеу жарилаған.

«Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполмен бірлесіп, Мәскеу қаласында Алтынбеков ұсталып, қамауға алынды» делінген агенттік таратқан хабарламада.

Тергеу органдарынан жасырыну үшін ол өз тегін «Алтынбековтан» «Алшерге» өзгерткен.

Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі басталды.

Сондай-ақ оқыңыз