ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов Egemen Qazaqstan-ға берген сұхбатында Қазақстан мен Ресей ақша-несие саясатының ерекшелігі мен айырмашылығы туралы айтып өтті.
Ұлттық банк басшысының айтуынша, Ресейдегі жағдайға қарағанда, Қазақстанда рецессия күтіліп отырған жоқ. Керісінше, іскерлік белсенділіктің, сұраныстың өсуі жағдайында қосымша фискалдық импульс аясында инфляциялық қысымның одан әрі күшеюі күтіліп отыр.
«Кейбір сарапшылардың Қазақстан мен Ресей орталық банктерінің базалық мөлшерлемелерін салыстыратыны рас. Ресей банкі биыл ақпан айында негізгі мөлшерлеменің 9,5 пайыздан 20 пайызға дейін – екі есе артуынан кейін экономиканың құлдырауынан болып жатқан дефляциялық процестерді ескере отырып, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін оны 9,5 пайызға дейін төмендетті. Сондай-ақ Ресейде бірнеше аптадан бері дефляция байқалып отыр, маусымдық түзетілген инфляция соңғы уақытта межеленген деңгейден айтарлықтай төмен болды, бұл ретте мөлшерелемені қарқынды төмендету – заңды құбылыс» деді банк басшысы.
Пірматовты пікірінше, Ресей мен Қазақстандағы базалық мөлшерлемелерді салыстыру дұрыс емес.