Пірматов Қазақстан мен Ресейдің базалық мөлшерлемесі арасындағы айырмашылықты түсіндірді

Ұлттық банк басшысының айтуынша, елімізде рецессия болмайды

 ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов Egemen Qazaqstan-ға берген сұхбатында Қазақстан мен Ресей ақша-несие саясатының ерекшелігі мен айырмашылығы туралы айтып өтті.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, Ресейдегі жағдайға қарағанда, Қазақ­станда рецессия күтіліп отырған жоқ. Кері­сін­ше, іскерлік белсенділіктің, сұра­ныстың өсуі жағдайында қосым­ша фискалдық импульс аясында инфля­циялық қысымның одан әрі күшеюі күтіліп отыр.

«Кейбір сарапшылардың Қазақ­стан мен Ресей орталық банктерінің базалық мөлшерлемелерін салыстыратыны рас. Ресей банкі биыл ақпан айында негізгі мөлшерлеменің 9,5 пайыздан 20 пайызға дейін – екі есе артуынан кейін экономиканың құлдырауынан болып жатқан дефляциялық процестерді ескере отырып, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін оны 9,5 пайызға дейін төмендетті. Сондай-ақ Ресейде бірнеше аптадан бері дефляция байқалып отыр, маусымдық түзетілген инфляция соңғы уақытта межеленген деңгейден айтарлықтай төмен болды, бұл ретте мөлшерелемені қарқынды төмендету – заңды құбылыс» деді банк басшысы.

Пірматовты пікірінше,  Ресей мен Қазақстандағы базалық мөлшер­лемелерді салыстыру дұрыс емес.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар