Талапкерлер ЖОО-ға құжаттарын үйден шықпай-ақ тапсыра алады

Виртуалды комиссия талапкерлерді қабылдауға дайын

Жоғары оқу орындарының талапкерлерді виртуалды қабылдауы ең сенімді тәсілдерінің біріне айналып отыр. Былтыр шалғайдағы ауылдардағы мыңдаған түлектің құжаттары қабылданды.

Биыл да жоғары оқу орындары виртуалды кеңселерін қайта ашты және қабылдау комиссиялары алғашқы жұмыс күндерінен бастап өтініштерді онлайн қабылдауға әзір.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, университет қызметкерлері кеңес береді және бейне байланыс арқылы құжаттарды қабылдайтын болады.

Қызмет көрсетудің тиімділігі мен жылдамдығын арттыру мақсатында қызметкерлердің штаты кеңейтілді. Қызмет көрсетуге студенттер қатарынан еріктілер тобы тартылуда. ЖОО-ның басшылығы қабылдау комиссиясына толық дайындығы туралы мәлімдеді.

Биыл білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау 2022 жылдың 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылмақ. Сондықтан  Egov электронды үкімет порталындағы уақытша олқылықтар талапкерлердің қызмет көрсету сапасына және құжаттар тапсыруына еш кері әсерін тигізбейді.

Университеттер мен виртуалды қабылдау комиссиялары үшін барлық қажетті байланыс ақпараттары Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында орналасқан.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар