Алматыда жалған антисептик сатқандар ұсталды

Жарияланды
300-ден астам 5 литрлік бөтелке тәркіленген

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ірі көлемде «Септохим» маркалы контрафакт дезинфекциялық заттарды заңсыз дайындау және сату фактісін анықтады.

Жедел іздестіру шаралары барысында аталған өнімді заңсыз өндірген тұлғалар ұсталып, кәсіпорынның кеңсесі мен өндірістік цехы анықталды.

Іздестіру шаралары нәтижесінде әрқайсысының сыйымдылығы 5 литрлік 300-ден астам бөтелке табылып, тәркіленді.

Заңсыз өндірілген және өткізілген контрафактілік «Септохим» маркалы дезинфекциялық заттардан келтірілген материалдық залалдың сомасы 20,3 млн.теңгеден асады.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз