Банктер жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдауды уақытша тоқтатты

Жарияланды
Әзірге несие беретін қаржы лимиті таусылған

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысушы банктер өтінім қабылдауды уақытша тоқтатты. Әзірге несие беретін қаржы лимиті таусылған, деп хабарлайды Өнеркәсіпті қолдау қоры.

 Егер босатылған лимит шегінде қаражат болса, қатысушы банктер өтінім қабылдауды жалғастырмақ.

Жеңілдікті автонесие бағдарламасына қатысушы банктер 90 млрд теңгеге 11 825 өтінім мақұлдаған. Соның ішінде жалпы сомасы 59,546 млрд теңгеге 7852 көлікке несие берілген.

Нақты айтқанда:

  • «Еуразиялық банк» АҚ – 25,4 млрд теңгеге 3 248 өтінім;
  • «Банк Центр Кредит» АҚ – 27,7 млрд теңгеге 3 647 өтінім;
  • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ – 23,1 млрд теңгеге 3 009 өтінім;
  • «Forte Bank» АҚ – 14,4 млрд теңгеге 1 921 өтінім мақұлдады.

Бұл ретте «Еуразиялық банк» АҚ 10 млрд теңге көлеміндегі кезекті траншты алу рәсімін бастады, оны келесі айда аяқтау жоспарланған.

Жеңілдікті автонесиелерді қаржыландыру бағдарламасы 30 жылға есептелген. Лимиттерді толық игергеннен кейін автонесие беру бастапқы қарыз алушылардың қайтарылған кредиттік төлемдері есебінен револьверлік несиелеу механизмі негізінде жүзеге асырылады, одан кейін қатысушы банктер автонесие алуға өтінімдерді жинауды жалғастырады

Сондай-ақ оқыңыз