Үкімет бағаны тұрақтандыра алмады

Жарияланды
Президент министрлерді сынға алды

Бүгін Үкімет отырысында мемлекет басшысы Үкімет бағаны тұрақтандыра алмады деп, министрлерді сынға алды.

«Үкіметтің бағаны тұрақтандыруға бағытталған шаралары тиімсіз болып шықты. Үкімет инфляцияны ескі әдіс-тәсілмен тоқтатқысы келеді. Оның өзінде бюджеттен қосымша қаражат бөліп, бағаны жасанды түрде ғана реттеп отыр. Яғни, қымбатшылықтың себебімен емес, салдарымен күрес жүріп жатыр», деді Қ. Тоқаев.

Президент Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялады.

«Біз қант импортына 90 пайыз тәуелдіміз. Бұл жерде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы шешімге сілтей салуға болады. Бірақ қандай жағдай болсын, бұл Үкіметтің үлкен қателігі. Демек, мемлекеттің мүддесін қорғай алмадық. Сондықтан министрлер Бақыт Сұлтанов пен Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаймын» деді Президент.

Сондай-ақ оқыңыз