Қазақстанда 16 мың шетел азаматы жұмыс істейді

Қазіргі уақытта елімізде ШЖК пайдаланатын 1 766 жұмыс беруші бар

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 16 061 шетел азаматы еңбек етеді. Бұл туралы ҚР Еңбекмин баспасөз қызметі хабарлады.

Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 603 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 131 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 7 970 және 1 021 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 430 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 906 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 766 жұмыс беруші бар. Оларда 397 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96% – ы.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 587 адам, Түркия – 1 820 адам, Үндістан – 1 691 адам, Өзбекстан – 1 563 адам, Ұлыбритания – 1 123 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. Осы жылғы қаңтарда ірі отандық бизнес өкілдерімен кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының берген тапсырмасын орындау үшін министрлік шетел жұмыс күшін тартуға арналған квотаны бұрын жоспарланған 28 352 бірліктен 23 560 бірлікке дейін, яғни 4 792 адамға (16%) қысқартты.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар