Тайсон Фьюри мансабының аяқталуының нақты себебін атады

Жарияланды

Тайсон Фьюри: Өз денсаулығым үшін қорқамын

 WBC тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы Тайсон Фьюри (32-0-1, 23 КО) кәсіпқой мансабын аяқтауының шынайы себебін атады, – деп хабарлайды Vesti.kz.

 Оның айтуынша, ол денсаулығына қатты қорқып, өткен күзде Деонтей Уайлдерге қарсы үшінші жекпе-жектен кейін мансабын аяқтамақ болған.

«Мен Уайлдерді 11-ші раундта нокаутқа түсірдім, бұл керемет болды, бірақ бұл оңай емес. Мен қатты соққылар алдым. Менің миым шайқалды, ештеңе есімде жоқ. Сол жекпе-жектен кейін мен ойладым: Білесің бе? Аяқтайтын уақыт келді», – деп келтіреді Фьюридің сөзін The Sun.

Еске салайық, осы жылдың сәуір айында британдық тағы да рингке шығып, отандасы Диллиан Уайтты нокаутқа түсіріп, титулды сәтті қорғаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз