Жетісу облысындағы жаппай улану туралы ақпарат жалған болып шықты

Жарияланды

Бұл жаңалықты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды

ҚР Жетісу облысындағы жаппай улану туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Әлеуметтік желіде Жетісу облысы Сарқан ауданының тұрғындары «уланған суды» пайдалану салдарынан жаппай уланды деген ақпарат тарады. Комитет бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, ал коммуналдық шаруашылықты бақылау және қадағалау департаменті суға тұрақты түрде мониторинг жүргізетінін баса айтты.

«Соңғы зерттеулердің нәтижесі бойынша судың микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштері санитарлық нормаға сәйкес келеді. Сондай-ақ тұрғындардың улану туралы шағымдарымен аудандық ауруханаға жүгінбегенін хабарлаймыз», – деді комитеттің баспасөз қызметі.


Министрлік қазақстандықтарды арандатушы хабарламаларға бой алдырмауды және тек ресми ақпаратды оқуды сұрады.

Сондай-ақ оқыңыз