БАҚ: Эквадорда тұтқындар бүлік шығарды, қаза тапқандар бар

Жарияланды

El Universo: Эквадорда түрмедегі бүлік кезінде он үш тұтқын қаза тапты

Эквадордың Санто-де-лас Тсачилас провинциясындағы түрмедегі бүліктен 13 тұтқын қаза тапты, деп хабарлайды El Universo газеті.

Бельявиста түрмесіндегі қақтығыс салдарынан 13 тұтқын қаза тауып, тағы екеуі жараланды, деп хабарлайды БАҚ.

Түрмеде полиция жұмыс атқаруда.

Эквадор түрмелерінде тәртіпсіздіктер мен қақтығыстар сирек емес.

Мәселен, сәуір айының басында Эквадордың Асуай провинциясындағы Тури қаласының түрмесінде қылмыстық топтар арасындағы қақтығыс 20 адамның өмірін қиды. Өткен жылдың қараша айының ортасында Гуаякил түрмесіндегі тәртіпсіздік кезінде 68 адам қаза тауып, 25 адам жарақат алған болатын. Ал қыркүйек айының соңында сол түрмеде тәртіпсіздік салдарынан 100-ден астам адам қаза тапты.

Сондай-ақ оқыңыз