Былтыр ластаушы заттар шығарындыларының деңгейі 1,4%-ға төмендеді

Атмосфераға 2 407 мың тонна ластауыш зат таралды

2021 жылғы қорытынды деректерге сәйкес, ластаушы заттар шығарындыларының деңгейі 1,4%-ға төмендеді, атмосфераға 2 407 мың тонна ластауыш зат таралды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Статистика бюросы хабарлады.

Шығарындылардың негізгі көзі – өнеркәсіп саласы, оның үлесіне ластауыштардың 86%-ы тиесілі.

Ластайтын заттардың негізгі көлемі Павлодар (736,2 мың тонна), Қарағанды (569,7 мың тонна) облыстарында байқалды. Кәсіпорындар былтыр ластауыш заттардың 93% ұстап қалып, залалсыздандырды. 2021 жылы Қазақстан бойынша ауаға шығарындылар тастаған 244 мың кәсіпорын болды.

2021 жылы республиканың әуе бассейніне 255,6 тонна қорғасын және оның қоспалары, 68,6 тонна марганец және оның қосылыстары, 219,3 тонна мыс оксиді, 360,1 тонна күкірт қышқылы, 56,6 тонна хлор, 195 кг сынап сияқты ерекше ластаушы зат таралды, олардың көлемі рұқсат етілген шекті мөлшерден аспады.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар