ЕО Украинаға әскери көмектің жаңа траншын беруге келісті

Жарияланды

Келесі көмек пакеті 500 миллион еуроны құрайды

Еуроодақ елдерінің сыртқы істер министрлері Украинаға әскери көмектің келесі траншын бөлу туралы келісті. Бұл туралы Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишель өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

«Мен Еуроодақ Сыртқы істер министрлерінің Украинаға көмектің бесінші траншына қатысты шешімін құптаймын. Қазір Украина Қарулы Күштеріне қару-жарақ пен техниканы жеткізуді қарастыратын Еуроодақ көмегінің жалпы көлемі 2,5 миллиард еуроға жетті», — деп жазды саясаткер.

Бұған дейін жаңа көмек пакеті 500 миллион еуроны құрайтыны хабарланған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз