Үндістанда жолаушылар автобусы көпірден құлап кетті

Жарияланды

Оқиға салдарынан 13 адам қаза тапты

Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында жолаушылар автобусы көпірден өзенге құлап кетті, деп хабарлайды Хабар24.

Салдарынан 13 адам қаза тапты. Салонда 30-ға жуық адам болған.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа тежегіштердің істен шығуы мен рульдік басқарудың дұрыс жұмыс істемеуі себеп болуы мүмкін.

Құтқарушылар зардап шеккендерді көліктен шығарып үлгерді, бірақ оның қатты деформациясы жұмысты қиындата түсті.

Сондай-ақ оқыңыз