Лондонда аптап ыстыққа байланысты тұрғындар эвакуацияланды

Жарияланды

Ұлыбританияда ыстыққа байланысты пойыздар қозғалысын тоқтатуға мәжбүр

Лондонда рекордтық аптап ыстықтың салдарынан жойқын өрттер орын алды, Ұлыбритания астанасының тұрғындары үйлерінен эвакуациялануда, жүздеген өрт сөндіруші жұмыс атқаруда, деп хабарлайды Sky News.

Лондонның өрт сөндіру қызметі қаладағы өрттердің ауқымын ауыр деп бағалаған. Лондонның шетіндегі Веннингтон ауданында өрт 300-ге жуық тұрғын тұратын бірнеше үйді шарпыды. Жақын маңдағы алқаптарды жалын шарпыды.

Өрт Дагенхэм мен Баркингтің елордалық қалаларында да тіркелді. Онда өрт салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылды.

Өрт Лондон маңындағы Апминстер, Пиннер, Саутгейт, Хендон, Уэмбли, Элтам елді мекендерінде де байқалды.

Sky News хабарлауынша, Лондон мэрі Садик Хан қаладағы жағдайды қиын деп атады. Ол тұрғындарды алдағы күндері қала саябақтары мен жеке бақшаларда, сондай-ақ аулалар мен балкондарда шашлык жасамауға шақырды.

Бұған дейін сейсенбі күні Ұлыбританияда температура рекорды тіркелді: Цельсий бойынша 40 градустан жоғары. Лондондағы Хитроу әуежайының аумағында термометр 40,2 градус Цельсийге дейін көтерілгені атап өтілді.

Ұлыбританиядағы температураның бұрынғы рекорды 38,7 градус Цельсий болды, ол 2019 жылы Кембридж университетінің ботаникалық бағында тіркелген.

Ұлыбританияда қалыптан тыс ыстыққа байланысты пойыздар қозғалысында үзілістер орын алып, бірнеше теміржол желілері мен автомобиль жолдары жабылды.

Сондай-ақ оқыңыз