Қарақалпақстанда төтенше жағдай мерзімінен бұрын жұмысын тоқтатты

Жарияланды
Төтенше жағдай таңғы бестен бастап тоқтады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 21 шілдеден бастап Қарақалпақстандағы төтенше жағдай режимін алып тастау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан».

Төтенше жағдай таңғы бестен бастап жұмысын тоқтатты.

Сонымен бірге, Қарақалпақстан Жоқарғы Кеңесінің төтенше жағдайды мерзімінен бұрын тоқтату туралы үндеуі назарға алынып, республика аумағында қоғамдық тәртіптің қалпына келтірілгені және азаматтардың қауіпсіздігі, олардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы қамтамасыз етілді. Қарақалпақстанның астанасы Нүкіс қаласында 1-2 шілде күндері тәртіпсіздіктер орын алды.

Құқық қорғау органдары 516 адамды ұстады. Соңғы мәліметтер бойынша, тәртіпсіздіктер кезінде 21 адам қаза тауып, 274-і жараланған, 516-сы ұсталған, оның ішінде шетел азаматтары да бар. Елдің Бас прокуратурасы Өзбекстан Қылмыстық кодексінің «конституциялық құрылысқа қол сұғу» бабы бойынша 14 адамның ұсталғанын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз