Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 20 шілдедегі эпидемиологиялық жағдай туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2257 жағдай тіркелді.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 323 710 жетті.
2022 жылғы 20 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 – ші компонентін 9 541 643 адам, 2 – ші компонентін 9 323 786 адам салдырды.
Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпарат. 2022 жылғы 20 шілдеде «Pfizer» вакцинасының
I-ші дозасын 1 230 420 адам,
ІІ-ші дозасын 1 174 217 адам салдырды. Оның ішінде:
І-ші компонентімен
Жасөспірімдер – 868 998,
Жүкті әйелдер – 41 277,
Бала емізетін әйелдер – 145 075.
ІІ-ші компанентімен
Жасөспірімдер – 848 403,
Жүкті әйелдер – 38 888,
Бала емізетін әйелдер – 140 026.