Жаңалықтар

Мүгедек жандарға қаржылық қызмет көрсетудегі негізгі проблемалар қандай

Мүгедек жандарға қызмет көрсеткен кезде қаржы ұйымдары үшін арнайы қағидалар әзірленді

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (Агенттік) «Мүгедек адамдарға және халықтың қауқары аз топтарына қаржылық қызметтер көрсету және оларға қызмет көрсету жөніндегі қағидалар жинағы » жобасын әзірледі. Бұл туралы fingramota.kz мәлімдеді.

Ол ерекше қажеттіліктері бар клиенттер үшін кедергісіз ортаны қамтамасыз етуге және олар үшін қаржы ұйымдарында қызмет көрсетудің қолданыстағы арналарын бейімдеуге бағытталған.

Мүгедек адамдарды қаржы жүйесіне ықпалдастыру және олардың проблемаларын шешу жөніндегі қызметті қаржы реттеушісінің жанында жұмыс істейтін жұмыс тобы жүргізеді. Агенттік ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп өткен жылы мүгедек адамдарға сауалнама өткізді, ол мүгедектігі бар азаматтар үшін қаржылық қызметтер мен өнімдердің қолжетімділігіне әсер ететін негізгі проблемалар болып табылатынын көрсетті:

қаржы ұйымдары бөлімшелерінің нақты қолжетімділігінің жеткіліксіздігі;

нашар көретіндерге және кресло-арбалармен қозғалатын адамдарға арналған банкоматтар мен терминалдарды қолданудың қолайсыздығы;

көру қабілеті бұзылған адамдардың қашықтан арналарды пайдаланудың қолайсыздығы.

Жұмыс тобы мүгедек адамдардың проблемаларын шешу үшін қоғамдық ұйымдармен бірлесіп «М үгедек адамдарға және халықтың қауқары аз топтарына қаржылық қызметтер көрсету және оларға қызмет көрсету жөніндегі қағидалар жинағын » (бұдан әрі – Қағидалар жинағы) әзірледі.

Осы Қағидалар жинағы «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңының ережелерін, сондай-ақ Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының қағидаттарын ескереді және мүгедек адамдардың қаржы ұйымдарының объектілері мен қызметтеріне толық және кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған.