«Қазақстан халқына» қорындағы ақшаны қайда жұмсау керек ?

Жарияланды
Еліміздегі үкіметтік емес ұйымдар осы сұрақты бірнеше күн талқылап, қайырымдылық жасауға бағытталған бағдарламаларын ұсынды

Бүгін де «Қазақстан халқына» қорына 130 млрд теңге қаржы түсті. Қор оны денсаулық, білім, әлеуметтік қолдауларға жұмсауы тиіс. Осы ақшаны қалай тиімді әрі тиісті салаға жұмсасақ деп бас қатырған үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстарын «Курсив» тілшілері сараптап көрді.

              Әлеуметтік саланың баламалары  

«Стоп аутизм» қоғамдық бірлестігінің басшысы Шынар Жалмухамедова біздікі сияқты орталықтарға қаржыны аударса деген тілегін білдірді. Бүгінде елімізде әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтар аз екен. Бірлестік басшысының айтуынша, әлеуметтік салада қолдаумен айналысатын 3 түрлі орталықта стандартпен жұмыс істейтін мүмкіндік жоқ екен. Мәселен, өмірде қиындыққа тап болған адамға дер кезінде көмек көрсететін ұйым болу үшін жеке кәсіпкерлерді қолдау керек . Яғни қиындыққа тап болған адам біреудің айтуымен немесе қинауымен емес, өз еркімен келіп көмек алуы тиіс.

Ал, «Ақпараттық –ресурстық орталығының » директоры Алтынай Көбеева болса, әлеуметтік қолдау орталықтарын ашу бқрыннан талқыланып келе жатқан мәселе екенін айтқан. «Мысалы сен қиындыққа тап болған ана болсаң , көмек көрсететін орталықтарға бара алмайсың. Себебі ондай орталықтарға тек күйеуінен таяқ жеген аналар ғана уақытша тұра алады. Ал көптеген адамдар аяқ астынан қиын жағдайға тап болған кезде уақытша көмек ала алатын дағдарыстық орталықтар көп болуы керек. Бұл орталықтарға зейнеткерлер де, ардагерлер де, ешбір топқа жатпайтын кез-келген адам бара алуы керек»-деді Алтынай Көбеева. Дегенмен «Қазақстан халқына»  қорының өкілі Серікбек Елшібеков бұл жағдайды әлемдік мәселе деді. « Өкінішке орай, денсаулығында ақауы бар адамдардан  үнемі жақындары бас тартып жатады. Ата-анасына қарамайтындар көбейген. Біздің менталитетімізде бұл үрдіс болмаған десек те өмірдің шындығына тура қарауымыз керек. Сондықтан мұны қарастырып жатырмыз.»-деді өкіл.

           Спорттан келер пайда

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің амбассадоры, әлемдік спорттың хас шебері Сергей Цырульников Тв –шоуға ақша бөлу керек деген ұсыныс тастады. Айтуынша, қазіргі спорт телеарналарында тек қана дайын трансляциялар мен спорттық бағдарламалар көрсетіледі. Американың тәжірибесіне сүйенсек, түрлі спорттық тв-шоулар жасөспірім балалар арасында спортқа деген сүйіспеншілікті арттырып қана қоймай, кез-келген адамды сол спорт түрімен айналысуға шоулар итермелейді. Спорт контентін жасауға дайын екенін мәлімдеді Сергей Цырульников. Айтуынша 4 млн теңге бір спорттық шоу бағдарлама жасауға жеткілікті.  «100 ауыл» деген бағдарламасын қаржыландыру арқылы еліміздегі ауыл балаларын спортқа баулуға болады. Сондықтан қордың қаржысын егер спортқа қарай бұрса, әр ауылдағы спорт кешендеріне доп, экипировка сияқты керекті құрал-жабдықтарды сатып алуға болады. Оған 400 мың теңге жеткілікті.

 Ал басқа қатысушылар болса, тұрғын үйледің ауласына спорт алаңдарын салып, аутизмммен ауыратын балаларды спортқа баулитын жаттықтырушыларды көбейту керек деді. Осылайша мүгедек жандарды да арнайы сайыстарға дайындау керек деген ұсыныс тастады. 

    Мәдени тұрғыдан қарастыру

Қордың қаржысының көп бөлігі денсаулыққа , білім мен спортқа жұмсалады. «Help today» қорының басшысы  Эльмира Алиева мәдени жағына да мән беруге шақырды. Ол «Қазақстан халқына» қорында  мәдени саламен айналысатын бірде-бір сарапшы жоқ деп күрсінді.  Ал біз Мәдениет саласындағы аз жалақыға жұмыс істейтін қызметкерлерге қол ұшын созатын бағдарламаны ұсынбақпыз,-  деді онлайн кездесуде  Эльмира Алиева.

Бірінші өтініш те түскен. Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерттің » директор орынбасары Серік Нұрмолдаев қорға өтініш жіберген. Оның айтуынша, мәдени орталыққа симфониялық оркестрдің дыбысын жазатын студия керек. Бүгінде осындай студиялардың жоқтығынан, оркестрлер, хор топтары дауыс жаза алмайды екен. «Бізде кәсіби әншілер, симфониялық, хорлық дауыста айтатын  мықты өнер иелері жұмыс істейді.Олардың альбомдарын , оркестрді жазып, оны тарататын құрал жоқ. Яғни бүгін орынндаған туындыларымызды болашақ ұрпаққа қалдыруымыз үшін бізге оны жазатын студия керек. Біз концертке барған кезде ауыр ауыр аппараттарымызбен барамыз. Оны қойғанымыздың өзі бюджетке үлкен салмақ түсіріп жатыр. »-деді ол. Сондықтан Нұрмолдаев дыбыс жазатын студияны  Нұр-Сұлтан қаласына орналастыруды ұсынды.  

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты комитеттің өкілі Роза Кәрібжанова музей мен театрларды тамашалайтын оқушылардың картасын жасауды мәлімдеді. Ресейдегі   «Пушкинской картасы» сияқты балама бағдарламаны қолға алу керек деді. Яғни, бұл карта арқылы балалар мәдени ошақтарды емін-еркін аралап, өздеріне қажетті өнер саласымен айналыса алады. Жас өнерпаздарға, музыканттарға, әртістерге, мүгедек жандардың өнерін халықаралық дәрежеде көрсетуге жағдай жасалуы тиіс.

Екі айдың ішінде «Қазақстан халқына» қоры еліміздегі мыңдаған ұкіметтік емес үйымдардың пікірін сарапқа салмақ. 2022 жылдың қыркүйек айында өтетін қордың үлкен жиынында жаңа концепция қалыптасуы керек. «Қазақстан халқына» қорының өкілі  Гульзия Бидатованың айтуынша, барлық айтылған ұсыныстар мен идеялар, пікірлер құжат бетіне түсіріліп, мемлекеттік деңгейде қолға алыатын болады.

Сондай-ақ оқыңыз